Атырауда үш жасар баланы фонтанның сорғышы тартып әкеткен
Жарияланған күні:
Читать на русскомКеше, 26 шілдеде Атырау облысында оқыс жағдай болды – үш жасар баланы фонтанның сорғысы тартып алған. Салдарынан бала қайтыс болды, деп хабарлайды полицияға сілтеме жасаған NUR.KZ тілшісі.
Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 26 шілде күні сағат 17:50-де болған.
Полицейлердің ақпаратынша, Әйтеке би көшесіндегі фонтанның ішіндегі айналмалы сорғыға 2021 жылы туған баланың аяғы тартылып, салдарынан бала көз жұмған.
"Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, толықтай тергеу жүргізіліп жатыр. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді", - делінген полиция хабарламасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2140557-atyrauda-ush-zhasar-balany-fontannyng-sorgyshy-tartyp-aketken/