Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен кішкентай бала көз жұмды (видео)

Жарияланған күні:

Терезе қасында отырған бала
Терезе қасында отырған бала. Көрнекі фото: pexels.com

Алматыда кішкентай бала терезеден құлап кетіп, көз жұмды. Полицейлер сәбидің өліміне қатысты тергеу бастады деп хабарлайды, KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқиға орнында түсірілген видеоны Instagram желісіндегі cmn_kz парақшасы жариялады.

Пост авторларының айтуынша, үш жасар бала көпқабатты үйдің 13-қабатының терезесінен құлап кеткен.

Қайғылы оқиға "Арай" тұрғын үй кешенінің маңында болған.

"Тұрғын үй кешенінің тұрғындары мен өтіп бара жатқандар қайғылы жағдайдың куәгері болды, өкінішке қарай, үш жасар бала аман қалмады", - делінген жазбада.

Алматы полиция департаменті баланы құтқару мүмкін болмағанын NUR.KZ тілшісіне растады.

"Аталған факт бойынша Бостандық ауданы ПБ қарасты полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Сараптама тағайындалды. Қайғылы оқиғаның басқа мән-жайлары анықталуда", - делінген полиция таратқан ақпаратта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2140632-almatyda-kopqabatty-terezeden-qulap-ketken-kishkentai-bala-koz-zhumdy-video/