Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында тасжолда шетелдік көліктер тиелген автотасығыш өртеніп кетті (видео)

Жарияланған күні:

Өрт. Фото
Өрт. Фото: instagram/kris_p_almata

Алматы-Ташкент тас жолында сегіз көлік тасымалдаған жүк көлігі өртеніп кетті. Бұл туралы Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған KAZUR.KZ хабарлайды.

Бұған дейін тасжолда түсірілген видео пайда болды. Кадрда көліктер тиелген жүк көлігінің отқа оранғаны бейнеленген. Бейнежазба Instagram-дағы kris_p_almata парақшасында жарияланған.

Кейінірек толығымен жанып кеткен көлік тасымалдаушының видеосы пайда болды.

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі Алматы-Ташкент тасжолында өрт шыққанын хабарлады.

"27 шілде сағат 22:33-те Қордай ауданында республикалық маңызы бар "Алматы-Ташкент" тасжолының 177-ші шақырымында жеңіл көліктер тиелген автотасығыш жүк көлігі толықтай отқа оранды. Өрт орнына Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері мен құралдары жіберілді. Өрт 00:12-де толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2141412-zhambyl-oblysynda-taszholda-sheteldik-kolikter-tielgen-avtotasygysh-ortenip-ketti-video/