Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қара түтін": Астанада жаңа ғимаратта құрылыс материалдары өртенді (видео)

Жарияланған күні:

Өрт. Фото
Өрт. Фото: t.me/qr_tjm

Астанадағы жаңа ғимараттардың бірінде құрылыс материалдары өртенді. Қара түтін қала тұрғындарын шошытты, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы арнасында хабарлағандай, Астанада құрылыс материалы өртенді.

"Орталық мешіт ауданындағы жаңа ғимаратта құрылыс материалы жанып кетті. 15 шаршы метр аумақтағы өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", - делінген ведомство хабарламасында.

Төтенше жағдайлар министрлігі кәсіпкерлерден өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрады.

Еске салсақ Өскеменде бес қабатты үйлердің бірінде өрт шыққанын хабарлаған едік. Құтқарушылар 20 адамды эвакуациялады. Оның алтауы бала болып шықты.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, пәтердегі жиһаздар мен жеке заттар өртенген. ТЖМ күштері үйден алты бала мен 14 ересек адамды эвакуациялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2141449-qara-tutin-astanada-zhanga-gimaratta-qurylys-materialdary-ortendi-video/