Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралдағы алаңдардың бірінде бес жасар баланың басынан ат тепкен

Жарияланған күні:

Жылқы малы. Көрнекі сурет
Жылқы малы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Оралдағы Тұңғыш президент алаңында бес жасар баланың басынан жылқы тепкен. Балақай орташа ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы "Мой город" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Басылым ақпаратынша, жағдай 27 шілде сағат 19:00 шамасында Тұңғыш президент алаңында болған. "103" операторының пультіне жылқы тұяғымен баланың басынан тепкені туралы хабар берілген.

"Бала облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Ол травматология бөліміне жатқызылды. Баланың жағдайы орташа ауыр деп бағалануда. Қажетті ем-дом көрсетіліп жатыр", - деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ӘҚБтК-нің 407-бабы 2-бөлігі бойынша жылқының иесіне 10 АЕК (36 920 теңге) көлемінде айыппұл салынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2141475-oraldangy-alangdardyng-birinde-bes-zhasar-balanyng-basynan-at-tepken/