Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда тұрғын үйдің 16-қабатынан өрт шықты (видео)

Жарияланған күні:

Өрт сөндіру көлігі
Өрт сөндіру көлігі. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда кеше түнде тұрғын үйлердің бірінің 16-қабатынан өрт шықты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"112" пультіне оңтүстік астанадағы көпқабатты үйлердің бірінің жоғарғы қабатында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Өрт сөндірушілер келгеннен кейін көпқабатты тұрғын үйдің он алтыншы қабатындағы пәтерде жалпы ауданы 4 шаршы метр болатын үй заттары мен жиһаздардың жануы орын алғаны анықталды", - делінген хабарда.

ТЖМ күштерімен өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталуда.

Еске салсақ Өскеменде бес қабатты үйлердің бірінде өрт шыққанын хабарлаған едік. Құтқарушылар 20 адамды эвакуациялады. Оның алтауы бала болып шықты.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, пәтердегі жиһаздар мен жеке заттар өртенген. ТЖМ күштері үйден алты бала мен 14 ересек адамды эвакуациялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2141602-almatyda-turgyn-uiding-16-qabatynan-ort-shyqty-video/