Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бурабайда квадроцикл аударылып, бойжеткен қаза болды

Жарияланған күні:

квадроцикл
Квадроцикл. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақмола облысындағы полицейлер квадроцикл аударылып, 19 жастағы қыз қаза болған жол-көлік оқиғасын тергеп жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық ПД-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Бурабай ауданының полиция бөлімінің анықтау органдары квадроцикл жолаушысы қаза тапқан жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Ведомство мәліметінше, оқиға 27 шілдеде курорттық аймақ аумағында болған.

Астанадан келген екі қыз жергілікті жалға беру пункттерінің бірінде "X5 Classic" маркалы квадроциклді жалға алғаны анықталды.

19 жастағы жүргізуші рөлді басқара алмай, бұрылыста аударылып қалған.

Апат салдарынан жарақат алған жолаушы медициналық мекемеде қайтыс болды.

Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша полицейлер сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сондай-ақ, Қылмыстық кодекстің 306-бабы 3-бөлігі (тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау немесе қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызметтер көрсету) бойынша жеке сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде анықтаушылар қауіпсіздік талаптарының сақталуына квадроциклдерді жалға беру пунктінің қызметін тексереді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2142021-burabaida-kvadrotsikl-audarylyp-boizhetken-qaza-boldy/