Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда екі жасар бала лифтте жалғыз қалып қойған (видео)

Жарияланған күні:

Лифт
Ғимарат ішіндегі лифт. Көрнекі фото: pixabay.com

Атырауда полиция қызметкерлері лифтте қалып қойған екі жасар сәбиді құтқарды. Бұл туралы Polisia.kz Telegram-дағы арнасында хабарлады.

Полицияның ақпаратынша, "102" операторына көпқабатты үйдің лифтінде сәби қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түскен.

8-қабатта тұрып қалған баланы құтқару үшін патрульдік экипаж оқиға орнына барған.

"Оқиға орнына жеткен Ақжол Кибатоллаев пен Жантөре Әліпкалиев лифт ішінде жылаған баланың дауысын естіп, есігін күшпен ашты. Екі жасар баланы аман-есен алып шықты. Сәбидің анасы тәртіп сақшыларына алғыс білдірді", - делінген хабарда.

Осы орайда полиция балалардың қауіпсіздігіне мұқият әрі жауапкершілікпен қарауды ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2142124-atyrauda-eki-zhasar-bala-liftte-zhalgyz-qalyp-qoigan-video/