Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қонаевта автобус жолаушысы пышақ жарақатын алды (видео)

Жарияланған күні:

Оқыс оқиға. Фото
Оқыс оқиға. Фото: instagram.com/kapshagay_trofimova2

Желіде Қонаевта түсірілген видео тарады. Кадр сыртындағы адам автобустағы жолаушының пышақталғанын айтады. Осы жайтқа қатысты қалалық полицейлер түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Желіде автобус пен ондағы ер адамдар арасындағы жанжал түсірілген видео пайда болды, одан бөлек кадрда анық ештеңе көрінбейді.

"Қонаев. 28.07.2024. автобуста жолаушы мойын тұсынан пышақ жарақатын алды", - делінген хабарламада.

Қонаев полиция басқармасы өкілдері 28 шілдеде 1983 жылы туылған ер адам "мойын және сол жақтағы бұғана асты аймағының көптеген пышақ жарақаты" диагнозымен көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілгені туралы хабарлама түскенін мәлімдеді.

Сол күні осы факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің "Адам өлтіруге оқталу" бабымен қылмыстық іс қозғалған.

Күдікті ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалған

"Қылмыстық іс бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жтыр", - деп атап өтті ведомство өкілдері.

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі зардап шегушінің қазіргі жағдайын айтты. Медициналық мекеменің мәліметінше, 28 шілдеде қалалық көпсалалы аурухананың жедел жәрдем бөліміне сыртқы құлақ жарғағы, мойын және сол жақ бұғана үстінен пышақ жарақаттарын алған ер адам жеткізілген.

Травматологтар хирургтармен бірлесіп ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Жалпы қан анализі алынып , мойынның компьютерлік томографиясы және кеуде қуысы мүшелерінің рентгенографиясы жасалып, жарақатқа алғашқы хирургиялық өңдеу жүргізіліп, сіреспеге қарсы екпе салынған.

"Тексеру кезінде науқастың жарақаттары жеңіл екені және тамырларының зақымдалмағаны анықталды, ер адам травматология бөлімінде бақылауда болды, динамикасы нашарлаған жоқ. Осыған байланысты оны мамандар одан әрі амбулаторлық емдеуге жіберді", - деп хабарлады аурухананың баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2142504-qonaevta-avtobus-zholaushysy-pyshaq-zharaqatyn-aldy-video/