Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында селфи жасаймын деп өзенге құлап кеткен қыздың денесі табылды

Жарияланған күні:

Өзен
Өзен. Көрнекі фото: pexels.com

Түркістан облысында селфи жасаймын деп өзен суына құлап кеткен 16 жастағы қыздың денесі табылды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

ТЖД бастығының орынбасары Асқат Ержановтың айтуынша, марқұмның денесі оқиға болған жерден 500 метр жерден табылған.

Еске салсақ, бұған дейін Түркістан облысында құтқарушылар суға құлап кеткен 16 жастағы қызды іздестіріп жатқанын жазған едік.

Қайғылы жағдай "Сайрам-Өгем" аумағына Қасқасу ауылынан 15 км қашықтықта, Сайрам-су таулы өзенінде болған.

Куәгерлердің айтуынша, қыз селфи жасамақ болған. Алайда өзенге құлап, суға батып кеткен. Жас қызды іздеу жұмыстары үш тәулікке созылды. Іздестіру жұмыстарына құтқарушы-сүңгуірлер, полиция қызметкерлері, еріктілер, орман шаруашылығы қызметкерлері мен туыстары қатысқан.

Су ағысының қатты болуы және салқын болуы құтқарушылардың жұмысын қиындатқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2142723-turkistan-oblysynda-selfi-zhasaimyn-dep-suga-qulap-ketken-qyzdyng-denesi-tabyldy/