Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте көлік тұрағында жүк көлігінің тіркемесі мен үш көлік өртенді

Жарияланған күні:

Өрт сөндіру сәті. Фото
Өрт сөндіру сәті. Фото: t.me/qr_tjm

Кеше түнде Шымкентте өрт болды. Көлік тұрағында жүк көлігінің тіркемесі өртеніп, өрт үш көлікке жайылды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы арнасында хабарланған мәлімет бойынша, өрт Шымкент қаласының Тұран ауданында шыққан.

Ведомство мәліметінше, ашық автотұрақта жүк көлігінің ағаш тіркемесі жанып, одан кейін қызыл жалын қатар тұрған үш автокөлікке тиген.

ТЖМ күштерімен өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығу себебі анықталуда.

Айта кетсек бұған дейін Алматыдағы "Мимино" мейрамханасының жанындағы барбекю барында өрт шыққанын хабарлаған едік. Өрттен зардап шеккендер жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2142880-shymkentte-kolik-turagynda-zhuk-koligining-tirkemesi-men-ush-kolik-ortendi/