Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда бір үйдің екі баласы суға кетті

Жарияланған күні:

Қайғылы оқиға. Фото
Қайғылы оқиға. Фото: Астана арнасы

Атырау қаласында бір үйдің екі баласы суға батып, қайтыс болды. Бұл туралы Астана телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Телеарнаның мәліметінше, қайғылы оқиға бүгін күндізгі сағат 15:00 шамасында қала маңындағы Құрманғазы ауылы тұсында болған.

Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің айтуынша, екеуі бір үйдің баласы.

Сүңгуірлер 7 жастағы ұлдың денесін тапты. Құтқарушылар мен жергілікті тұрғындар 9 жастағы қыз баланы іздеп жатыр.

Балалардың туыстарына шұғыл психологиялық көмек көрсетілуде.

Еске салсақ бұған дейін Атырау облысында кәмелетке толмаған екі бала суға батып кеткенін хабарлаған едік. Олардың бірінің денесі 4,5 метр тереңдіктен табылды.

Көкарна ауылында 2010 және 2011 жылы туған екі жасөспірім Жайық өзеніне батып кетті, деп хабарланды Атырау облыстық ТЖД-ның Facebook желісіндегі ресми парақшасында. Екеуі де бұған жабдықталмаған жерде суға түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2143375-atyrauda-bir-uiding-eki-balasy-suga-ketti/