Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда өртеніп жатқан пәтерден қарт адам құтқарылды

Жарияланған күні:

Зейнеткер
Көрнекі фото: Рixabay.com

Алматыда тұрғын үйде өрт шықты. Қарт адам жанып жатқан пәтерден құтқарылды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алматы қаласында алты қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында 15 шаршы метр алаңда үй заттары өрттенген.

Өрт сөндіру жұмыстары барысында үй иесі, 1962 жылғы ер адам құтқарылып, жедел жәрдем қызметіне табысталды.

Өрт сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда тұрғын үйлердің бірінің 16-қабатынан өрт шыққанын хабарлаған едік.

Сондай-ақ Өскеменде бес қабатты үйлердің бірінде өрт шыққан. Құтқарушылар 20 адамды эвакуациялады. Оның алтауы бала болып шықты.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, пәтердегі жиһаздар мен жеке заттар өртенген. ТЖМ күштері үйден алты бала мен 14 ересек адамды эвакуациялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2144439-almatyda-ortenip-zhatqan-paterden-qart-adam-qutqaryldy/