Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанадағы су қоймасында бүтін бір отбасы суға батып кетті

Жарияланған күні:

Су қоймасы
Су қоймасы. Фото: өңірлік ТЖД баспасөз қызметі

Астанадағы су қоймасында төрт адамнан тұратын отбасы суға батып кетті. Оқиға Ақмола облысы Арнасай ауылынан 2 километр жерде болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірлік ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңірлік ведомствоның баспасөз қызметі төрт адамның өліміне себепкер болған жағдай Аршалы ауданы Арнасай ауылынан 2 км жерде, Астана су қоймасында тіркелгенін хабарлады.

"Төртеуі де – бір отбасының мүшелері. 1980 жылғы әйел мен 2001 жылғы қыздың денесін куәгерлер алып шықты.

Ал 1977 жылғы және 2000 жылғы ер адамдардың денесін Ақмола облыстық және Астана қалалық ТЖД құтқарушылары іздестіріп жатыр", - делінген хабарламада.

ТЖД өкілдері отбасы шомылуға тыйым салынған аумақта суға түскенін мәлім етті.

Айта кетейік, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысында Громотуха өзеніне туристік саяхат кезінде 14 жастағы қыз қаза тапқанын жазған едік. Жасөспірімді қатты ағын алып кеткен.

Сонымен қатар Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында әкесі екі баласымен және туысымен суға батып кеткен еді. Ер адам балаларды құтқаруға тырысқан, бірақ өзі де қаза тапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2144947-astanadagy-su-qoimasynda-butin-bir-otbasy-suga-batyp-ketti/