Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда көпірді жөндеп жатқан кезде жұмысшы суға батып, мерт болды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Орал қаласындағы көпір
Орал қаласындағы көпір. Фото: mgorod.kz

Оралда су тасқыны кезінде қираған көпірді жөндеп жатқан жұмысшы суға батып көз жұмды. 47 жастағы ер адам қаладағы ЖШС бірінде жұмыс істеген, деп хабарлайды "Мой город" басылымы.

Басылым тілшілерінің Батыс Қазақстан облысының полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлауынша, бүгін 6 тамызда Шаған өзені арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары кезінде ЖШС бірінің қызметкері абайсызда көпірден суға құлап, батып кеткен.

Ведомство мәліметінше, 47 жастағы ер адамды құтқару мүмкін болмады. Ер адамның денесі судан шығарылды.

Жергілікті басылым биылғы көктемде "Самал" шағын ауданындағы су тасқыны кезінде Шаған өзеніндегі жаяу жүргіншілер көпірінде мұз қатып, көпір жартылай бұзылғанын атап өтті.

Айта кетейік, Қостанай облысының Рудный қаласындағы шахтада жазатайым оқиғадан жұмысшы көз жұмған еді.

Сондай-ақ Ақмола облысында жұмысшы 32 метр биіктен құлап, аман қалғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2145411-oralda-kopirdi-zhondep-zhatqan-kezde-zhumysshy-suga-batyp-mert-boldy/