Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде зауыт аумағында жұмысшыға найзағай түсіп қайтыс болды

Жарияланған күні:

Найзағай
Найзағай. Фото: pixabay.com

Ақтөбе ферроқорытпа зауыты аумағында 36 жастағы жұмысшы қайтыс болды. Вагонға металл сынықтарын тиеп жүрген ер адамға найзағай түскен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қайғылы жағдай 8 тамыз күні сағат 16:30 шамасында Ақтөбе ферроқорытпа зауыты аумағында болды. "Металлург" ЖШС-нің экскаватор машинистіне жұмыс орнында найзағай түсіп, тіл тартпай кеткен.

"Алдын ала болжам бойынша, жұмысшы вагонға металл сынықтарын тиеп жатқан. Найзағай түсіп, оқиға орнында қайтыс болды. Мән-жай сараптама барысында анықталады. 1988 жылғы экскаватор машинисті "Метеллург" ЖШС-нде жұмыс істейді. 16 жыл еңбек өтілі бар", - деп хабарлады Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясынан.

Ал Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі ақпаратынша, Ақтөбе ферроқорытпа зауытына жедел жәрдем қызметі сағат 17:03 уақытында шақырылған.

"Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері ер адамның қайтыс болғанын анықтады",- деді облыстық денсаулық басқармасы өкілдері.

8 тамызда Ақтөбеде найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауған болатын.

Автор Ардақ Ерубаева

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2146696-aqtobede-zauyt-aumagynda-zhumysshyga-naizagai-tusip-qaitys-boldy/