Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы су қоймасында гидроцикл адамдар отырған тюбингке соғылды (видео)

Жарияланған күні:

Шардарадағы оқиға
Шардарадағы оқиға. Видеодан кадр: tiktok.com/@taldmatinec

Әлеуметтік желіде Түркістан облысы Шардара ауданындағы су қоймасында болған оқиғаның видеосы тарады. Өңірлік полиция департаменті мен ТЖМ аталған кадрларға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әлеуметтік желіде тараған кадрларда қатты жылдамдықпен келе жатқан гидроциклдің демалушылар отырған тюбингке соқтығысқанын байқауға болады. Салдарынан скутер жүргізушісі суға құлайды.

Түркістан облыстық полиция департаменті KAZ.NUR.KZ тілшісіне оқиғаның Шардара су қоймасының аумағында болғанын хабарлады.

"Гидроциклдің жүргізушісі анықталып, полицияға жеткізілді. Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілді. Гидроцикл айыппұл тұрағына жеткізілді. Сондай-ақ демалушыларға судағы көлік құралын жалға бергендерді жауапқа тарту бойынша шаралар жүргізіліп жатыр", - деді полицияда.

ТЖМ мониторинг барысында гидроцикл мен тюбингктің суда соқтығысқаны туралы жазба анықталғанын мәлімдеді. Тексеру барысында оқиғаның 8 тамыз күні болғаны белгілі болған. Алайда "112" пультіне де, Түркістан облыстық ТЖ департаментіне де қоңырау түспеген.

"Түркістан облыстық ПД мәліметіне сүйенсек, 2024 жылы 8 тамызда сағат 15:48-де Шардара су қоймасындағы демалыс орындарының бірінде гидроцикл мен моторлы қайыққа жалғанған тюбинг соқтығысқан. Тюбингкте үш адам отырған. Оқиға салдарынан үш азамат та зардап шекті. Олар ауруханаға жатудан бас тартып, түрлі жарақатпен амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді", - деді KAZ.NUR.KZ тілшісіне ведомствоның баспасөз қызметі.

Видео: tiktok.com/@taldmatinec

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2147845-qazaqstandagy-su-qoimasynda-gidrotsikl-adamdar-otyrgan-tiubingige-soqtygysty-video/