Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Торға сүйенген: Қарағандыда екі жастағы бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

Жарияланған күні:

Терезеден қарап тұрған бала
Терезеден қарап тұрған бала. Көрнекі фото: pexels.com

Қарағандыда екі жастағы бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті. Аяғы сынып, басынан зақым алған бүлдіршіннің жағдайы ауыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

Телеарна мәліметіне сүйенсек, сәби ата-анасымен Астанадан қонаққа келген. Ол үлкендер көзін ала бере, жақтауға шыққан. Сосын шыбын-шіркейге қарсы қойылған терезедегі торға сүйенемін деп, екінші қабаттан құлаған.

"Қазір баланың жағдайы орташа ауыр. Оны әлі тексеріп жатырмыз. Бас сүйегі зақымдалған, миы шайқалған. Сонымен қатар аяғы сынған", - деді нейрохирург Руслан Хаутиев.

Мұндай оқыс оқиғалардың алдын алу үшін көпқабатты үйлердің терезесіне темір тор орнату керек дейді құтқарушылар.

Себебі жыл басынан бері өңірде 21 бала терезеден құлап кеткен. Оның төртеуі көз жұмған.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2148085-torga-suiengen-qaragandyda-eki-zhastagy-bala-kopqabatty-uiding-terezesinen-qulap-ketti/