Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте жаяу жүргінші қаза тапты

Жарияланған күні:

Жаяу жүргінші жолағы
Жаяу жүргінші жолағы. Көрнекі фото: Рixabay.com

Шымкентте көлік соқтығысып, салдарынан жас қыз көз жұмды. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға кеше түнде болды, деп хабарлайды Otyrar арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Порталдың хабарлауынша, оқыс оқиға 15 тамызда кешкі уақытта Шымкентте болған.

"Жол апаты салдарынан 2004 жылы туған жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды", - деп хабарлады қалалық полиция департаменті.

Еске салсақ, Алматыда троллейбус жүргізушісі тізгінді игере алмай, аялдамаға соғылды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші зардап шеккен еді.

Жол апатының видеосы krisp_almaty Instagram аккаунтында жарияланды. Видеоға жазылған жазбада троллейбус аялдамаға және жақын маңда тұрған жаяу жүргіншіге соғылғаны атап өтілген.

KAZ.NUR.KZ тілшісіне Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл жол апатының болғанын растады. Апат Алмалы ауданында болғаны атап өтілді.

Алматы денсаулық сақтау басқармасы өкілдері аялдамаға соғылған троллейбус салдарынан зардап шеккен адамның жағдайы туралы айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2149602-shymkentte-zhaiau-zhurginshi-koz-zhumdy/