Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында ірі жол апаты болды: екі адам қаза тауып, алтауы жарақат алды

Жарияланған күні:

Апат орны. Фото
Апат орны. Фото: instagram.com/ekaraganda.kz

Қарағанды-Балқаш тас жолында адам өлімі тіркелген жол апаты болды. Салдарынан екі адам қаза тауып, жарақат алған алты адам ауруханаға жеткізілді деп хабарлады KAZ.NUR.KZ.

Жол апатының видеосы Instagram-дағы ekaragandakz парақшасында жарияланды. Видео астында апат Алматы-Екатеринбург тасжолының Спасск ауданында болғаны көрсетілген.

Оқиғаның егжей-тегжейлері Қарағанды ​​облысының полиция департаментінің баспасөз қызметінің түсініктемелерінде айтылды.

"Жол-көлік оқиғасының 16 тамыз күні сағат 00:30-да Спасск ауылынан екі шақырым жерде Hyundai Elantra және GAZelle көліктерінің қатысуымен болғаны хабарланды.

Жол апаты салдарынан Hyundai Elantra көлігінің 32 жастағы жүргізушісі мен оның жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.

ГАЗель көлігінің 35 жастағы жүргізушісі, оның екі жолаушысы және Hyundai Elantra көлігіндегі үш жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді", - деп хабарлады полиция департаментінің өкілі.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2149785-qaragandyda-oblysynda-iri-zhol-apaty-boldy-eki-adam-qaza-tauyp-altauy-zharaqat-aldy/