Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында кәріз сорғы станциясында екі адам қаза болды

Жарияланған күні:

Кәріз құдығы
Кәріз құдығы. Көрнекі фото: Getty Images / stock photo

Мұғалжар ауданындағы "Ембі жылу" кәріз сорғы станциясында екі адам қаза болды. Тағы екі жұмысшы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қайғылы оқиға 16 тамыз күні сағат 11:45 шамасында Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ембі қаласында тіркелді.

"Екі адам қаза болды. Екеуі де 1966 жылғы құрдастар. Ембі қаласы бойынша бес кәріз сорғы станциясы бар. Соның бірінде "Ембі жылу" мекемесінде кезекті жұмыстар жүріп жатқан. Төрт адам зардап шекті. Біреуі жұмыс істеп жатқан, екіншісі көмекке барған. Осылай бірін-бірі шығарамын деп жүргенде уланып қалған", - деді Ембі қаласының әкімі Райымбек Мұсағали.

Облыстық ТЖД өкілінің хабарлауынша, оқыс оқиға себебі анықталып жатыр.

"Хабарлама сағат 11:45-те тіркелді. Мұғалжар ауданы Ембі қаласындағы кәріз сорғы станциясында қаза тапқандардың денесін алу бойынша жұмыстар жүргізілді. Оқиғаның себептері мен жайлары анықталып жатыр", - деді Ақтөбе облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі өкілдері.

Екі зардап шеккен жұмысшы Ембі ауруханасында жатыр. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері хабарлады.

"Метан газымен уланған екі зардап шегуші 103 бригадасымен Ембі ауруханасына жеткізілді. 1978 және 1971 жылғы науқастар терапия бөлімшеге жатқазылды. Жағдайы қанағаттанарлық, шағымдары жоқ", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілдері.

Автор: Ардақ Ерубаева

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2149873-aqtobe-oblysynda-kariz-sorgy-stantsiiasynda-eki-adam-qaza-boldy/