Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ішінде бала да бар": Қостанай облысында үш көлік соқтығысты

Жарияланған күні:

Жол апаты
Жол апаты. Фото: Қостанай облыстық ТЖД

Кеше түнде Қостанай облысының Новонежинка ауылында екі жүк көлігі мен бір жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлайды өңірлік ТЖД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

№ 15 Әулиекөл өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы азаматтық қорғау лейтенанты Аслан Бәйгөбенов оқиғаның куәгері болды.

Нәтижесінде ол үш адамды, оның ішінде бір баланы құтқаруға көмектесті.

Зардап шеккендер жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

"Электрондық үкіметтің" сайтында жол-көлік оқиғасы болған жағдайда не істеу керектігі айтылған:

  1. Зардап шеккендердің бар-жоқтығын тексеру, егер бар болатын болса жедел жәрдем шақыру
  2. "Апаттық сигналды" қосу және апаттық аялдау белгісін орнату
  3. Егер оқиға куәгерлері болса, олардың байланыс деректерін жазып алу керек. Бұл ерекше жағдайларда пайдалы болуы мүмкін
  4. Әкімшілік полиция қызметкерлері (егер зардап шеккендер болмаса – 102/ бар болса – 112 (қоңырау шалу тегін)) мен сақтандыру агенттерін шақыру (тел.: сақтандыру куәлігінен қараңыз).

Жол-патрульдік полиция қызметкерлері келген кезде істің барлық материалдарын ресімдеуі тиіс:

  1. ЖКО сызбасын құрастыру, 
  2. ЖКО жерін қарау хаттамасы, 
  3. Әкімшілік хаттама, 
  4. Түсініктемелерді іріктеу, 
  5. Жүргізушілерді медициналық куәландыруға жіберу. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2150016-ishinde-bala-da-bar-qostanai-oblysynda-ush-kolik-soqtygysty/