Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында көлік өртеніп кетті (фото)

Жарияланған күні:

Ақмола облысындағы өртенген көлік
Өртенген көлік. Фото: t.me/dchsakmol

Бүгін Ақмола облысының Красный Яр ауылында жеңіл автокөлік өртенді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.

Хабарланғандай, ТЖД қоңырау түскен сәттен бастап 14 минут ішінде өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталуда.

Астана ТЖД ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, жыл басынан бері елордада көліктердің өртену саны артқан.

"Бұған көбінесе өрттің себептері электр сымдарының дұрыс жұмыс істемеуі және газ баллонды жабдықтың дұрыс орнатылмауы, сондай-ақ техникалық тексерудің дұрыс жүргізілмеуі себеп болып отыр", - дейді мамандар.

Осыған байланысты ТЖД автокөліктегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды еске салады. Егер көлік қозғалыс кезінде жанса, келесі әрекеттерді орындау керек:

- дереу тоқтап, жолаушыларды салоннан эвакуациялаңыз;

- кезекші қызметтердің 101 немесе 112 нөмірлеріне қоңырау шалыңыз, сондай-ақ жақын маңдағы адамдардан көмек сұраңыз;

- қозғалтқышты сөндіріп, капотты ысырмалардан босатыңыз,  аккумуляторды  ажыратыңыз және өрт сөндіргішті қолданыңыз.

Тез тұтанатын сұйықтықтар мен электр жабдықтарын сөндіруге арналған кемінде бір литр өрт сөндіргішті өзіңізбен бірге алып жүру ұсынылады. Өрт сөндіргіштің көлемі неғұрлым көп болса, өрттің алдын алу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады;

- қозғалтқыштағы өртті өшіру үшін суды қолдаңбаңыз, ол электрсымдарыным қысқа тұйықталуына және жанар май жануының көлемінің үлкеюіне  әкелуі мүмкін;

- егер өрт сұйық отын орналасқан көліктің артқы жағына таралса, дереу көліктен алыстаңыз;

- егер автокөлік гаражда өртеніп кетсе, оны сыртқа итеріп сөндіріңіз;

- егер сіз сол сәтте маймен немесе бензинмен жұмыс істеген болсаңыз, өртті сөндіруге тырыспаңыз. Өзіңіз зардап шегуіңіз мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2150044-aqmola-oblysynda-kolik-ortenip-ketti-foto/