Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арасында бала бар: Ақтөбе облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

Жарияланған күні:

Жедел жәрдем көлігі
Жедел жәрдем көлігі. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбе-Астрахань автожолында ГАЗель мен жеңіл көлік түйісіп, үш адам қаза болды. Аудандық ауруханаға түскен тағы бір ер адамның жағдайы ауыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қайғылы оқиға 17 тамыз күні сағат 16:30 шамасында Ақтөбе-Астрахань автожолында тіркелді.

37 жастағы әйел мен 65 жастағы ер адам оқиға орнында тіл тартпай кетті. Жансақтау бөліміне жеткізілген 13 жастағы баланың өмірін де аман алып қалу мүмкін болмады.

Ақтөбе облысының полиция департаменті үш адам қаза болған жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

“Ақтөбе-Астрахань автожолының Бестамақ ауылы маңында "ВАЗ-2115" және "ГАЗель"автокөлітерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Апат салдарынан жүргізуші мен “ВАЗ 2115” көлігінің жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Тағы бір кәмелеттік жасқа толмаған жолаушы жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Осы көліктің үш жолаушысы Алға қаласындағы ауруханаға жатқызылды. Ақтөбе облысының полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға кеңес береді”,- деп хабарлайды облыстық полиция департаменті. .

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жол апатынан зардап шеккен бес адам Алға аудандық ауруханасына жеткізілген. Арасында 6, 13 және 16 жастағы үш бала болған.

“13 жастағы ер бала жансақтау бөліміне жеткізілгеннен кейін 10 минут ішінде қайтыс болды. Ашық бас-ми жарақатын, политравма, үшінші дәрежелі шок алған. Жағдайы өте ауыр болды”,- деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ведомстваның хабардауынша, ауруханаға жеткізілген 1989 жылғы ер адамның жағдайы ауыр. Жабық бас-ми жарақаты, политравма, травматикалық шок алған.

6 және 16 жастағы екі жолаушының жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланады. Екі бала да жабық бас-ми жарақатын алған. 2008 жылғы ер бала жабық бас ми жарақаты, травматикалық шок алған. Жағдайы тұрақты ауыр.

Автор: Ардақ Ерубаева

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2150181-arasynda-bala-bar-aqtobe-oblysynda-zhol-apatynan-ush-adam-qaza-tapty/