Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бразилиядағы ұшақ апаты: ұшқыштардың бірі Air Astana әуе компаниясында жұмыс істеген

Жарияланған күні:

Әуежайдағы ұшақ
Әуежайдағы ұшақ. Көрнекі сурет: unsplash.com

8 тамызда Бразилияның Сан-Паулу қаласында Voepass Linhas Aéreas жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, бортындағы 62 адамның барлығы қаза тапты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Fox News хабарлауынша, Сан-Паулудағы Винхедо қаласының мэрі Дарио Пачеко апаттан кейін алғашқы болып 35 жастағы капитан Данило Сантос Романоның денесі табылғанын айтты.

Романоның LinkedIn желісіндегі профиліне сәйкес, оның 10 жылдан астам тәжірибесі болған. Романо Бразилияның Ұлттық Азаматтық Авиация Агенттігі және АҚШ Федералды Авиация Әкімшілігі (FAA) тарапынан сертификатталған.

Данило Сантос Романо. Фото
Данило Сантос Романо. Фото: linkedin.com/in/danilo-santos-romano

Сонымен қатар, қайтыс болған ұшқыштың парақшасында оның қазақстандық Air Astana әуе компаниясында 2019 жылдың желтоқсанынан 2020 жылдың маусымына дейін 4 ай жұмыс істегені көрсетілген. Бұл ақпаратты KAZ.NUR.KZ тілшісіне әуе компаниясының баспасөз қызметі растады.

"Оқиғаға қатысы бар әуе кемесінің командирі Airbus A320 ұшағында 2019 жылдың желтоқсанынан 2020 жылдың наурызына дейін екінші ұшқыш ретінде ұшты. Air Astana әуе компаниясында ұшу уақыты небәрі 25 сағатты құрады", - деп атап өтті баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2150208-braziliiadagy-ushaq-apaty-ushqyshtardyng-biri-air-astana-aue-kompaniiasynda-zhumys-istegen/