Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үтікпен күйдірген: депутат Талдықорғандағы бейімдеу орталығында зардап шеккен бала туралы айтты

Жарияланған күні:

Теріс қарап тұрған жасөспірім
Жасөспірім. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жетісу облысының полицейлері Талдықорған қаласындағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында баланы үтікпен күйдірген деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Облыстық мәслихат депутаты Ермек Егінбаевтың Instagram-дағы парақшасында Талдықорғандағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында жас бүлдіршінді үтікпен күйдіргені туралы жазба жарияланды.

Жазба авторы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл ретінде орталық қызметкерлерімен сөйлескенін айтты. Осылайша ол жарақат алды деген баланың әпкесімен бірге осы оңалту орталығында бір ай жатқанын білді. Балалардың анасы жақында қайтыс болды, қорғаушы органдар балаларды жаңа қамқоршыға беру үшін құжаттарды дайындады.

Жетісу облыстық департаментінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне Талдықорған қаласындағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында кәмелетке толмаған балаға қатыгездік көрсету оқиғасы болуы мүмкін екені туралы хабарлама түскенін айтты.

Арызданушы берген ақпаратқа сәйкес, мекеме қызметкерлерінің зорлық-зомбылық әрекеттерінен 7 жасар баланың денесінен күйік анықталған.

"Қазіргі уақытта аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, бастапқы тергеу шаралары жүргізіліп, орталық қызметкерлерінен түсініктемелер алынды.

Мекеме басшылығы баланы күйік шалған оқиғаның 2024 жылдың 24 шілдесінде жазатайым болғанын алға тартады. Алайда, тағылған айыптың ауырлығын ескере отырып, полиция бөлімі қосымша сараптамалар, соның ішінде сот-медициналық сараптама тағайындады.

Куәгерлерден, оның ішінде орталық қызметкерлері мен тәрбиеленушілерінен жауап алынып жатыр", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметі полицияның оқиғаны толықтай тергеуді жалғастыратынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2150265-deputat-taldyqorgandagy-beiimdeu-ortalygynda-utikpen-kuidirilgen-bala-turaly-aitty/