Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында екі жүк көлігі соқтығысты: бір адам қаза тапты (видео)

Жарияланған күні:

Ақмола облысындағы апат. Фото
Ақмола облысындағы апат. Фото: instagram.com/sinegor.kz

Ақмола облысының Алексеевка ауылының маңында екі жүк көлігі соқтығысып, салдарынан бір жүргізуші қаза тапты. Бұл туралы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Алексеевка ауылының іргесіндегі көпірде болған апаттың салдары туралы видео Inatagram-дағы "Sinegor.kz" парақшасында жарияланды.

"Кадрлардан ауыр жүк көлігінің қатты зақымдалғаны көрініп тұр", - делінген хабарламада.

Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жазбаға қатысты пікір білдіріп, 17 тамызда екі жүк көлігінің қатысуымен жол апаты болғанын хабарлады.

"Жол апаты салдарынан көліктердің бірінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты, бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, сараптама тағайындалды", - деп хабарлады полиция департаментінің өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2150298-aqmola-oblysynda-eki-zhuk-koligi-soqtygysty-bir-adam-qaza-tapty-video/