Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында экскаватор өзенге құлады (видео)

Жарияланған күні:

Алматы облысында экскаватор жүргізушісі құтқарылды
Алматы облысында экскаватор жүргізушісі құтқарылды. Фото : ТЖМ

Алматы облысында экскаватор жүргізушісі құтқарылды. Техника ауа райының қолайсыздығынан өзенге құлаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Райымбек ауданында қатты жауын-шашын салдарынан жүргізуші көлікті басқара алмай, экскаватор жолдан өзенге аударылып кеткен.

"Құтқарушылар ер адамға саты беріп, жоғары көтерілуге көмектесті. 1972 жылы туған зардап шегуші медициналық көмекке мұқтаж емес", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, қалалық Төтенше жағдайлар департаменті Алматыда жауын-шашын салдарынан Кіші және Үлкен Алматы өзендерінің бассейнінде сел жүру қаупі бар екенін ескертті.

Сонымен қатар 10-12 тамыз Алматы тауларында сел қаупінің "қызғылт сары деңгейі" деңгейі жарияланған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2150355-almaty-oblysynda-ekskavator-ozenge-qulady-video/