Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күдікті – тәртіп сақшысы: Ақмола облысында жүргізуші екі адамды қағып, біреуі қаза тапты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Полицей көлігі
Полицей көлігі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ақмола облысында 18 тамызда, түнгі сағат үштер шамасында екі жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті. Салдарынан бір әйел қайтыс болды. Адам өліміне әкеп соқтырған жол апаты бойынша экс-полицей күдікке ілінді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға демалыс күндері Атбасар қаласындағы дүкендердің бірінің маңында болған. Куәгерлердің айтуынша, қоңыр түсті Lada жүргізушісі сол бағытта жол жиегінде келе жатқан жаяу жүргіншілерді қағып кеткен.

Ақмола облысының полиция департаменті ақпаратынша, жол апаты 18 тамызда сағат 02:50-де Атбасар қаласында болған. Салдарынан жаяу жүргінші қаза тапқан.

"Қайғылы жағдайға қатысы бар жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол теріс уәжбен ішкі істер органдарынан шығарылды", - делінген ведомство ақпаратында.

Полиция мәліметінше, барлық тиісті сараптама тағайындалған, тергеу барысы Ақмола облысы ПД басшылығының бақылауында.

"Марқұмның отбасына қайғыра көңіл айтамыз. Тергеу жан-жанты, объективті және ашық өтеді деп мәлімдейміз", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2150551-kudikti-tartip-saqshysy-aqmola-oblysynda-mas-zhurgizushi-eki-adamdy-qagyp-bireui-qaza-tapty/