Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында бір адам қаза тапқан жол апатынан кейін экс-полицей қамауға алынды

Жарияланған күні:

Полицей ер адамның қолына кісен салуда
Қолы кісенделген ер адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ақмола облысында адам өліміне әкеп соқтырған жол апатына күдікті экс-полицей қамауға алынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақмола соттарына сілтеме жасап хабарлайды.

Сот мәліметінше, 2024 жылғы 19 тамыздағы Атбасар аудандық сотының қаулысымен күдіктіге қатысты 2 айға "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді.

Күдікті қылмыстық қудалау органымен ауыр зардаптарға, яғни адам өліміне және жәбірленушінің денсаулығына зиян келтіруіне әкеп соққан жол-көлік құқық бұзушылығын жасады деп күдікке ілінді.

Сонымен қатар жол-көлік оқиғасын жасағаннан кейін күдікті жәбірленушілерге медициналық көмек көрсетуге шара қолданбай, қылмыс орнынан қашып кетті (Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі, 347-бабы).

2024 жылғы 16 тамызда күдікті жылдамдықты арттырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

"Сот күдікті И. бостандықта болса, куәларға ықпал ету арқылы істі объективті тергеуге кедергі келтіріп, қылмыстық қудалау органдарынан және соттан жасырынуы мүмкін деп есептейді", - делінген хабарда.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, Ақмола облысында 18 тамызда, түнгі сағат үштер шамасында екі жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті. Салдарынан бір әйел қайтыс болды. Адам өліміне әкеп соқтырған жол апаты бойынша экс-полицей күдікке ілінді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2151129-aqmola-oblysynda-bir-adam-qaza-tapqan-zhol-apatynan-keiin-eks-politsei-qamauga-alyndy/