Атырауда бір жасар сәби күйіп қалған: қылмыстық іс қозғалды
Жарияланған күні:
Читать на русскомАтыраулық әйел баласының денесінде күйік ізі барын байқап, полицияға хабарласқан. Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Атырау қалалық ПБ мәліметінше, 15 тамызда әйел бір жасар баласының денесінен күйікке ұқсас жарақат байқаған. Бүлдіршін балабақшаға барып жүрген.
"Кешенді тексеру жүргізілді. Балалар емханасы дәрігерлерінің қорытындысы бойынша 2023 жылы туылған баланың екінші дәрежелі күйік алғаны анықталды", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті өкілдері.
Ведомство мәліметінше, баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция басқа ақпарат жарияланбайтынын хабарлады.
Айта кетейік, тамыз айының ортасында Екібастұздағы балабақшада бүлдіршін химиялық сұйықтық ішіп қойғаны белгілі болды.
Сонымен қатар жақында Атырауда балабақша күтушісі бүлдіршінді ұрды деген күдікке ілінген. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2151240-atyrauda-bir-zhasar-sabi-kuiip-qalgan-qylmystyq-is-qozgaldy/