Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайда магнит жұтып қойған 3 жасар бала көз жұмды: полиция тергеу бастады (видео)

Жарияланған күні:

Магнит жұтқан 3 жасар бала. Фото
Магнит жұтқан 3 жасар бала. Фото: 31 арна

Қостанай облыстық балалар ауруханасында көз жұмған 3 жасар баланың анасы болған оқиғаның мән-жайын айтып берді. Ал полицейлер сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді. Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Анна Агаркованың ұлы бірнеше магнитті үлкен әпкесінің тартпасынан алып, жұтып қойған.

Анасының айтуынша, бала оны бірден айтып, жедел жәрдем шақырылған. Рудный ауруханасында рентгенге түсіп, рентгенге түсірілген кескін Қостанайдағы балалар ауруханасына жіберілген. Магниттердің бір бөлігі бірінші күні шығарылған, ал қалғандары ішекте болған. Дәрігерлер қалғаны табиғи жолмен шыққанша күте тұруды ұйғарған.

"Баланың іші ісініп кетті, 9-күні бізге зонд қойғанда, одан батпақ түстес сұйықтық шықты. (...) Дәрігерлер, оның ішінде Белобржицкий, кескін өз орнында екенін, перфорация жоқ екенін айтты. "Баланың ішін не үшін кесеміз, обал емес пе?" деді. Алайда сараптама өлімнің себебі осындай салдарға әкеп соқтырған бөгде заттар екенін анық көрсетті", - дейді Анна Агаркова.

Әйел дәрігерлерге толық сеніп, күтіп, барлық нұсқауды орындағанын айтады. Дәрігерлер өз кезегінде қолдан келгеннің бәрін жасағанын алға тартты. Магниттер ішек арқылы қозғалмайтыны белгілі болған соң олар екінші рет ота жасауды ойлаған.

Дәрігерлердің айтуынша, шок салдарынан баланың жүрегі тоқтап қалған, олар қолдан келгеннің бәрін жасаған.

Олардың айтуынша, көп жағдайда асқазанға бөгде зат түскенде, ол табиғи жолмен шығады.

"Біз, әрине, бұл жағдайды талдадық, қажет қорытындыларды жасадық. Хирургиялық бөлімде де, клиникопатологиялық конференцияда да талдадық. Енді біз мұндай жағдайларда белсенді тактикаға арналған операциялық процедура стандартын әзірлеуді жоспарлап отырмыз. Егер күмән туындаса, біз хирургиялық емдеуді қолданамыз.

Дегенмен қаншама бала ағзадағы бөгде затпен келіп түседі, егер олардың барлығына ота жасалса, 98-99 пайызы ақталмайтын еді. 30 жыл бойы бөгде затты алып тастау бойынша үш ота жасалды", - деп түсіндірді Қостанай облыстық балалар ауруханасының хирургиялық қызметінің жетекшісі Игорь Белобржицкий.

Полицейлер сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

"Барлық қажет тергеу амалы жүргізіліп жатыр, соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деді Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Карина Базарбаева.

Бала 10 магнитті жұтып қойғаны мәлім болды. Алдымен дәрігерлер 6 магнитті, кейін тағы 1 магнитті алып тастау бойынша ота жасаған. Дәрігерлердің айтуынша, бала шоктан қайтыс болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2151876-qostanaida-3-zhasar-bala-magnit-zhutyp-koz-zhumdy-politsiia-tergeu-bastady-video/