Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында жаңбыр салдарынан аулалар мен жолдарды су басты

Жарияланған күні:

Су басқан жол
Су басқан жол. Көрнекі фото: Chris McLoughlin/Getty Images

Алматы облысының Жаңаталап ауылында нөсер жаңбыр салдарынан көлбеу ағын пайда болды. Салдарынан жолды және оннан астам ауланы су басып қалды, деп хабарлайды ТЖД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

2024 жылғы 23 тамыз күні сағат 16:30-да Алғабас ауылдық округінің Жаңаталап ауылында жауын-шашынның көп түсуі салдарынан көлбеу ағын пайда болды. Салдарынан жергілікті маңызы бар Алматы-Алғабас автокөлік жолының жиегі жартылай шайылып, 11 үй ауласынан ағын су жүріп өтті. Осы автожол бойынша көлік арқылы жол жүру тоқтатылған жоқ.

Жылдамдық режимін реттеу мақсатында ТЖ орын алған жерже жергілікті полиция қызметі орналасқан.

"Көлбеу ағын транзитпен өтті, су деңгейі төмендеді, су басу қаупі жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Жағдай бақылауда", -делінген ведомствоның хабарламасында.

Көшелер мен аула аумақтарынан суды сору және бұру жұмыстарын жүргізу үшін оқиға орнына Алматы облысы ТЖД-дан 52 қызметкер және 23 техника, оның ішінде 15 мотопомпа жіберілді.

Склоновый сток сошел в селе в Алматинской области: подтоплены дорога и дворы Читайте больше: https://www.nur.kz/society/2152794-dorogu-i-dvory-zatopilo-v-sele-v-almatinskoy-oblasti-sklonovym-stokom/

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2152639-almaty-oblysynda-zhangbyr-saldarynan-kolbeu-agyn-oryn-aldy-aula-men-zholdardy-su-basty/