Теміртаудағы Qarmet металлургиялық комбинат аумағында екі жұмысшы қаза тапты
Жарияланған күні:
Читать на русскомТеміртаудағы Qarmet металлургиялық комбинатта екі жұмысшы қаза тапты. Олар биіктен құлап кеткен, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
"2024 жылғы 25 тамызда Қарағанды облысы Теміртау қаласында Qarmet АҚ-ның №2 прокат цехындағы нысанында қайғылы оқиға болды. Шамамен таңғы сағат 9:20-да Химиялық қалпына келтіру блогының шатырын бөлшектеру кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан "Қазмеханомонтаж" ЖШС мердігер ұйымының екі қызметкері биіктен құлап кетті", - деп хабарлады Qarmet АҚ баспасөз қызметі.
Басылым мәліметінше, 2005 жылы туған Иманғалиев Д. және 1986 жылы туған Самойлов Ю. алған жарақаттар салдарынан қаза тапқан.
Компания қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін осы іс бойынша арнайы комиссия құрылғанын хабарлады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2153046-temirtaudagy-qarmet-metallurgiialyq-kombinatta-eki-zhumysshy-qaza-tapty/