Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай облысында өрт болған жерден ер адамның денесі табылды

Жарияланған күні:

Өрт сөндіруші өртті сөндіруге кетіп барады
Өрт сөндіруші. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Дүйсенбі, 26 тамызға қараған түні Абай облысы Бородулиха ауылындағы жеке тұрғын үйден өрт шықты. Өрт орнынан құтқарушылар ер адамның денесін шығарды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы арнасында жарияланған ақпарат бойынша, өрт жеке тұрғын үйде тұтанған, кейін жалын шаруашылық ғимарат пен көлікті шарпыған.

"Өрт 400 шаршы метр аумақты шарпыды. Өртті сөндіру кезінде 1990 жылы туған үй иесінің денесі табылды", - делінген министрлік хабарламасында.

Құтқарушылар қазақстандықтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға тағы да шақырды.

Еске салсақ, бұған дейін Өскеменде Назарбаев даңғылы бойында бес қабатты үйдегі пәтерден өрт шыққанын хабарлаған болатынбыз. 15 тұрғын көшеге шығып үлгерді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, өрт сөндірушілер түтінге оранған тұрғын үйге кіріп, барлау жұмыстарын жүргізе келе, жанып жиһаздар мен жеке заттар жанып жатқанын анықтаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2153217-abai-oblysynda-ort-bolgan-zherden-er-adamnyng-denesi-tabyldy/