Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысындағы ауылда үш бала суға ағып кетті

Жарияланған күні:

Батыс Қазақстан облысында көлікте отырған үш бала суға батып кетті
Көл. Көрнекі фото: Рiqsels.com

Атырау облысындағы ауылда үш бала суға ағып кетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ өңірлік ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 26 тамыз сағат 17:25-те Атырау қаласы Береке ауылында 3 баланың Жайық өзеніне батып кеткені туралы шақырту түскен.

"Оқиға орнына жеткен кезде 2008 жылы туған ұл балалар белгісіз жағдайда жабдықталмаған орында суға батып кеткені анықталды. Атырау облысы ТЖД сүңгуірлері сағат 18:25-те екі жасөспірімнің мүрдесін судан шығарды. Үшінші жасөспірімді іздестіру жұмыстары жалғасады", - делінген хабарламада.

Атырау облысы ТЖД іздестіру жұмыстарына 18 құтқарушы, 4 бірлік техника, 5 жүзу құралы жұмылдырылғанын хабарлады. Өңірлік ТЖД қоғаммен байланыс тобы ата-аналарды балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2153574-atyrau-oblysyndagy-auylda-ush-bala-suga-agyp-ketti/