Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда жүріп келе жатқан көліктен бала құлап кетті: жүргізуші жазаға тартылды

Жарияланған күні:

Оқиға орны. Фото
Оқиға орны. Фото: instagram.com/na_dorogah_aktau

Ақтауда бала жүріп бара жатқан көліктен құлап кетті. Көлікті тізгіндеген жүргізуші жазаға тартылды, деп хабарлайды Маңғыстау облысының полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Жүргізуші жол қозғалысы ережелерінде көзделген жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін пайдалану талаптарын сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Ақтауда жүріп келе жатқан көліктен бала құлап кеткені туралы жазған едік.

Кадрлар Instagram желісінде жарияланды.

"Көлік бұрылып жатқанда бала түсіп қалды", - делінген видеоның сипаттамасында.

Мұны көрген желі қолданушылары жүргізушіні жазалау керектігін жазған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2153863-aqtauda-zhurip-kele-zhatqan-kolikten-bala-qulap-ketti-zhurgizushi-zhazaga-tartyldy/