Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мысық іздеген": Өскеменде биік ағашқа шығып, түсе алмаған бала құтқарылды

Жарияланған күні:

Оқиға орны
Оқиға орны. Видеодан кадр: ТЖМ

Өскеменде 4-қабаттың деңгейіндегі ағашқа шығып кеткен кішкентай қыз құтқарылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ТЖМ-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, құтқарушылар оқыс оқиға тап болған балаға көмек көрсетті

"Өскемен қаласында қыз бала мысық іздеп 4-қабаттың деңгейінде ағашқа көтеріліп, түсе алмады.

ТЖМ құтқарушылары көмекке келіп, автосатының көмегімен баланы биіктіктен жерге түсірді", - делінген хабарламада.

Мамандар төтенше жағдайда 112 нөміріне хабарласуды сұрады.

Айта кетейік, демалыс күндері Алматыда қатты дауыл кезінде таудан уақытында түсе алмай қалған екі жас турист құтқарылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2154060-mysyq-izdegen-oskemende-biik-agashqa-shygyp-tuse-almagan-bala-qutqaryldy/