Абай облысында екі көлік соқтығысып, үш адам қаза тапты
Жарияланған күні:
Абай облысының полицейлері Семей – Өскемен тасжолында үш адамның өмірін жалмаған жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған мәліметке сәйкес, 25 тамыз сағат 03:30 шамасында Семей – Өскемен тасжолында Toyota Land Cruiser және Nissan elgrand маркалы екі көлік соқтығысқан.
"Соқтығысу салдарынан бір жүргізуші мен екі жолаушы қаза тапты, зардап шеккен тағы үш адам әртүрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жатқызылды",- делінген хабарламада.
Ведомство өкілдері бұл факт бойынша екі және одан да көп адамның абайсызда өліміне әкеп соққан көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2154252-abai-oblysynda-eki-kolik-soqtygysyp-ush-adam-qaza-tapty/