ШҚО-да тауға баласымен жидек теруге шыққан ер адам қайтыс болды
Жарияланған күні:
Читать на русскомШығыс Қазақстан облысының Алтай аймағында ұлымен бірге таулы аймаққа жидек теруге шыққан 65 жастағы ер адам қайтыс болды. Бұл туралы YK-news.kz хабарлайды.
Басылым мәліметінше, 27 тамызда Полян ауылдық округінің тұрғыны ұлымен бірге тауға шыққан. Жолда Дородница ауылының маңында ер адам қайтыс болды.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері шақырылды. Таулы жерден ер адамның денесін алып түсу үшін Алтай өңірінен жедел құтқару жасағының көмегі қажет болды.
Айта кетейік, бұған дейін Іле Алатауының Кіші Алматы шатқалында туристік маршрут кезінде 14 жастағы жасөспірім құлап, бірнеше жарақат алып, таудан түсе алмаған.
Құтқарушылар оны таудан түсіріп, дәрігерлерге тапсырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2154595-shqo-da-tauga-balasymen-zhidek-teruge-shyqqan-er-adam-qaitys-boldy/