Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда мемлекеттік мекеменің күзетшісі блогерлермен жанжалдан кейін көз жұмған

Жарияланған күні:

Күзетші киімі
Күзетші. Көрнекі фото: 24.kz

Әлеуметтік желіде атыраулық блогерлердің Мемлекеттік сараптама орталығының күзетшісін балағаттаған видеосы пайда болды. Жанжалдан кейін күзетші қайтыс болған деген ақпарат тарады. Полиция бұл фактіге қатысты тергеу амалдары басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Желіде тараған видеоға қарағанда, жергілікті блогерлер "Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау" мекемесіне рұқсатсыз кірмек болған. Алайда оларды есік алдындағы күзетші тосқауылдайды. Екі блогердің бірі: "Сен кімсің? Бомжсың ба? Еркек емессің"- деп зейнет жасына жақындап қалған ер адамның бетіне телефон тақап, дөрекі сөздер айтады. Осы жанжалдан кейін 58 жастағы күзетшінің қан қысымы көтеріліп, ауруханада қайтыс болғаны айтылады.

Қайғылы оқиғаға байланысты Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

"Атырау қалалық полиция басқармасы тарапынан желіде тараған факт бойынша тексеру амалдары басталды. Қазір мән-жайлар анықталып жатыр. Дегенмен осы фактіге қатысты бұған дейін ешқандай арыз-шағым түспегенін хабарлаймыз",- деп жауап берді Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Әлеуметтік желіде пікір білдірушілер "кінәлілер қатаң жазасын алуға тиіс" екенін жазған.

Автор: Әйгерім Сайқын

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2155159-bomzhsyng-dep-balagattagan-atyrauda-memlekettik-mekemening-kuzetshisi-blogerlermen-zhanzhaldan-keiin-koz-zhumgan/