Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Грекияда орман өртін 7 күннен бері сөндіре алмай жатыр

Жарияланған күні:

Грекиядағы орман өрті
Грекиядағы орман өрті: ekathimerini.com

Грекияның Кавала қаласындағы Пангеон тауында 22 тамызында басталған орман өрті 7 күннен бері сөнер емес, деп хабарлайды Kazinform.

Грекияның солтүстік-шығысындағы Пангеон тауының шалғай аймағындағы орман өрті жетінші күн қатарынан өршіп тұрғаны атап өтілді.

Басылымның мәліметінше, өртті сөндіруге 280 өрт сөндіруші, 46 өрт сөндіру техникасы, 3 тікұшақ пен 3 ұшақ жұмылдырылған. Бүгінгі таңда 13 мың гектарға жуық орман отқа оранған.

"Өрт 22 тамызда Авго шыңының етегіндегі орманды алқапта, 1500 метрден астам биіктікте тұтанған", - делінген хабарламада.

Еуропа Одағының Copernicus Климаттың өзгеруі жөніндегі қызметінің мәліметтері бойынша, өрт сейсенбі күні түстен кейін 13,41 шаршы шақырым аумақты қамтыды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2155197-grekiiada-orman-orti-orship-tur/