Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда ірі қойма өртенді (видео)

Жарияланған күні:

Алматыда қойма өртенді
Алматыда қойма өртенді. Видеодан кадр: Telegram/ҚР ТЖМ

Бүгін түнде Алматы аудандарының бірінде пластикалық бұйымдар бар ірі қойма өртке оранды. ТЖД қызметкерлдері өртті толығымен сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Төтенше жағдай Алматыдағы Алатау ауданында болды. ТЖМ-ның Telegram-дағы ресми арнасында пластикалық бұйымдар бар ірі қойма өртенгені хабарланды.

ТЖМ күштерімен өрт толығымен сөндірілді. Өрттің одан әрі таралуына жол берілмеді.

"Сөндіру жұмысы қойма ішіндегі пластикалық бұйымдардың нығыз жүктелуімен және түтіннің жоғары тығыздығымен қиындатылғанмен өрт 400 шаршы метр алаңда оқшауланды. Төтенше жағдайдан зардап шеккендер жоқ", - делінген ресми хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2155435-almatyda-iri-qoima-ortendi/