Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-дағы кен орнында төрт жұмысшы қаза тапты

Жарияланған күні:

Кенші
Кенші. Көрнекі фото: Adam88xx/Getty Images

Шығыс Қазақстан облысындағы Ертіс шахтасында төрт адам қаза тапты. Алдын ала мәліметтер бойынша, олар газдан уланып қайтыс болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі KAZ Minerals компаниясының Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.

" 2024 жылғы 31 тамызда шамамен 17.30 сағатта Ертіс шахтасында кәсіпорынның екі қызметкерінің және мердігер ұйымның екі қызметкерінің мәйіттері табылды. Алдын ала себебі – газдан улану.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр, қайғылы оқиғаны тергеу жөніндегі арнайы комиссия құрылды. KAZ Minerals Тобының Директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук жазатайым оқиғаны тергеуге жеке қатысу үшін Ертіс шахтасына барды. KAZ Minerals Тобының басшылығы мен ұжымы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады, - делінген хабарламада.

Компанияның берген мәліметі бойынша, компания марқұмдардың отбасыларына жан-жақты көмек көрсетеді.

KAZ Minerals-те Қазақстан мен Қырғызстанда шамамен 14 мың адам жұмыс істейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2155575-shqo-dagy-ken-ornynda-ush-zhumysshy-qaza-tapty/