Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте тұрғын полицейді пышақтаған (видео)

Жарияланған күні:

Пышақ ұстап тұрған ер адам
Пышақ ұстап тұрған ер адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Шымкентте өтіп бара жатқан адам полиция қызметкерінің арқа тұсына пышақ салды – күдікті ұсталып, изоляторға қамалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция мәліметінше, бүгін, 1 қыркүйекте жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметін атқарып жүрген патрульдік полиция полкінің инспекторына өтіп бара жатқан адам шабуыл жасап, арқа тұсына пышақ салған.

Күдікті оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 380-бабы "Билік өкіліне қауіп төндіру немесе күш қолдану" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ведомствоның мәлімдеуінше, күдікті 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2155743-shymkentte-turgyn-politseidi-pyshaqtagan-video/