Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада ер адам мешіт жамағатын пышақпен қорқытқан

Жарияланған күні:

Пышақ ұстаған жігіт
Пышақ ұстаған ер адам. Көрнекі фото: NUR.KZ

Астанада ер адам мешіт жамағатын пышақпен қорқытқан. Оқиға орнына жеткен полиция жасағы күдіктіні ұстады. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды елордалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"102 арнасына белгісіз ер адам қаладағы мешіттердің бірінде келушілерді қорқытып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына дереу полиция жасағы жетті.

36 жастағы күдікті тезарада ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Одан қолдан жасалған пышақ тәркіленді. Тексеру барысында ұсталған ер адам 2006 жылдан бері психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталды

Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты тексеріліп жатыр", - делінген Астана полиция департаментінің хабарламасында.

Еске салсақ, Шымкентте өтіп бара жатқан адам полиция қызметкерінің арқа тұсына пышақ салды. Күдікті ұсталып, изоляторға қамалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2156115-astanada-er-adam-meshit-zhamagatyn-pyshaqpen-qorqytqan/