Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алты көлік соқтығысқан: Қарағандыда жантүршігерлік жол апаты болды (видео)

Жарияланған күні:

Қарағанды облысындағы жол апаты
Қарағанды облысындағы жол апаты. Видеодан кадр: t.me/vechernaya_karaganda

Бүгін Қарағандыда алты көлік соқтығысқан жол апаты болып, бір адам қаза тапты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2 қыркүйек сағат 14:15-те Аманжолов көшесі бойында бірнеше автокөліктің қатысуымен жол апаты болған.

"Оқиға орнында алған жарақаттары салдарынан бір адам қаза тапты, үш адам медициналық мекемеге жеткізілді", - деді Қарағанды облыстық полиция департаменті өкілдері.

Полицейлер бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалғанын атап өтті. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Осы ретте Қарағанды облыстық ПД көлік жүргізушілеріне жолда жүру ережесін қатаң сақтаудың маңыздылығын ескертті.

Ал оқиға орнында түсірілген видео Telegram-арналардың бірінде жарияланды. Видеоны түсіріп алған куәгер жол апатының Аманжолов көшесіндегі 43-үйдің маңында болғанын айтты.

"Бұл қалай? Адам жоқ па? Адам жоқ, ол "ұшып" кетіпті. Қорқынышты, өте қорқынышты. Көлік қатты "ұшып" кетті. Көмек көрсетіп жатыр. Бір адамды таба алмай жатыр, қиын жағдай. Көшеде біреу айғайлап жатыр ма, жоқ. Бұлай қатты айдаудың не қажеті бар? Сағатына 40 шақырым деген белгі тұр ғой. Неге?", - дейді видео авторы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2156263-alty-kolik-soqtygysqan-qaragandyda-zhanturshigerlik-zhol-apaty-boldy-video/