Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада қоқыс полигоны өртеніп жатыр (фото, видео)

Жарияланған күні:

Астанада қоқыс полигоны өртеніп жатыр
Астанада қоқыс полигоны өртеніп жатыр. Фото: ТЖМ

Елордада қоқыс полигоны өртеніп жатыр. Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер тілсіз жаумен күресіп жатыр, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram-дағы арнасында.

"Қазіргі уақытта ашық жану жоқ. Жергілікті жерде өрт ошақтарын сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Осы мақсатта өртке су құю жұмыстары және арнайы техникамен топырақ себу жүзеге асырылуда. Өрттің алдын ала ауданы 500 шаршы метрді құрады. ТЖД мен ЖАО күштері мен құралдары жұмылдырылды", - делінген хабарда.

Сағат 20:21-дегі жағдай бойынша, өрт сөндірушілер ҚТҚ жануын және оны одан әрі таралуын жою жұмыстарын жалғастыруда.

ТЖМ мәліметінше, рекультивациялық жұмыстарды жүргізу кезінде қоқыс ашық жалынмен өртенген, алдын ала алаңы белгіленуде.

"Желдің әсерінен болған қиын жағдайларға қарамастан, қазіргі уақытта полигоннан тыс өрттің таралу қаупі жоқ", - делінген хабарда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2156316-astanada-qoqys-poligony-ortenip-zhatyr-foto-video/