Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның оңтүстігінде шетелдік азаматтар жантүршігерлік жол апатына ұшырады (видео)

Жарияланған күні:

Жол апаты
Жол апаты. Видеодан кадр: t.me/otyrarkz

2 қыркүйекте кешкі уақытта Шымкенттегі тасжолда екі көлік соқтығысты. Салдарынан бір адам қаза тауып, жеті адам зардап шеккен, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Басылым мәліметіне сүйенсек, оқиға "Жібек жолы" базарының маңында, Алматы тасжолында болған. Алдын ала ақпарат бойынша, жол жөндеу жұмыстары жүріп жатқан тасжолда Opel Vectra мен Toyota Alphard көлігі соқтығысқан. Бірінші көлік қарама-қарсы жолаққа шығып кеткен болуы мүмкін деген болжам бар.

"Көліктердің қатты соғылғаны соншалықты, Opel Vectra көлігінің қозғалтқышы жол жиегіне ұшып кеткен", - делінген ақпаратта.

Жол апаты салдарынан Opel жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты, тағы жеті адам зардап шекті. Жапа шеккендердің барлығы – Өзбекстан азаматтары. Олардың Toyota Alphard көлігімен Қызылордадан үйіне қайтып бара жатқаны белгілі болды.

Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2156365-qazaqstannyng-ongtustiginde-sheteldik-azamattar-zhanturshigerlik-zhol-apatyna-ushyrady-video/