Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тағы бір өңірде жол апатынан жеті адам зардап шегіп, бір бала қаза тапты

Жарияланған күні:

Оқиға орны. Фото
Оқиға орны. Фото: 112_aktau

2 қыркүйекте Ақтау-Форт-Шевченко тас жолында қайғылы оқиға болды. Оқиғаның егжей-тегжейін Маңғыстау облысының арнайы қызметі мен денсаулық сақтау басқармасы мәлімеді. Бұл туралы Lada.kz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желіде пайда болды. Видеода мыжылған көліктің өртеніп жатқаны және өрт сөндіруге арнайы техниканың келгені түсірілген.

Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 2 қыркүйекте Түпқараған ауданында болған.

"2 қыркүйек күні сағат 16:04-те Түпқараған ауданында Ақтау-Форт-Шевченко тас жолының 43-шақырымында келе жатқан 2005 жылғы Toyota Estima автокөлігі толық өртке оранды. Сағат 16:27-де өрт сөндірілді", - деп түсіндірді вдомство өкілі.

Маңғыстау облыстық жедел жәрдем стансасы жол апатынан сегіз адамның қайтыс болғанын хабарлады. Төрт ересек адам мен үш бала зардап шекті, тағы бір бала оқиға орнында қаза болды.

"Зардап шеккен үш бала Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, үш ересек адам Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасына жеткізілді, біреуі ауруханаға жатқызудан бас тартты, - деп түсіндірді ведомстводағылар.

Балалар ауруханасының емдеу мекемесіне 2016, 2015 және 2019 жылы туған үш балатүскенін растады.

"Екі баланың жағдайы тұрақты, үшіншісі жансақтау бөлімінде жатыр. Жансақтау бөлімінде жатқан науқастың оң қолына ота жасалды. Жағдайы қалыпты, науқастардың миы шайқалып, дене жарақатын алған", - деп хабарлады аурухана өкілі.

Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметі де оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

"Біз зардап шеккен үш адамды қабылдадық, олар амбулаторлық емделуге жіберілді, өйткені ауруханаға жатқызуға ешқандай себеп жоқ", - деп хабарлады медициналық мекеме өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2156682-tagy-bir-ongirde-zhol-apatynan-zheti-adam-zardap-shegip-bir-bala-qaza-tapty/